Бөлім меңгерушісі лауазымына орналасуға
Конкурс
(ҚР Білім және ғылым министрінің 2021ж.11.19 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021ж.11.22 № 432 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығы негізінде)
1) Білім беру ұйымының атауы:
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Мекенжайы: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4 шағынаудан, 47 ғимарат
тел./факс: 8(71645) 75371.
E-mail: stepn_gtk92@bk.ru
2) 2024-2025 оқу жылына педагогтің бос лауазымына:
Бөлім меңгерушісі
Негізгі функционалдық міндеттері
- кәсіптік оқыту бойынша білім беру ұйымының педагогикалық ұжымының қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады;
- тиісті жұмыс бағытындағы кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, оларды басшыға ұсынады, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
- еңбек нарығының өзгермелі қажеттіліктерін ескере отырып, мамандарды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
- өндірістің заманауи техникасы мен технологиясын зерделеуді, жаңа оқу кабинеттерін, шеберханаларды құруды және жұмыс істеп тұрған оқу кабинеттерін қайта жабдықтауды ұйымдастырады;
- әлеуметтік серіктестермен жұмысты үйлестіреді;
- әлеуметтік серіктестермен келісімдер әзірлейді және оларды жүзеге асыруға жауап береді;
- әлеуметтік әріптестермен бірлесіп жүргізілетін кадрлар даярлауды жетілдіру бойынша эксперименттік жұмысты ұйымдастырады, бақылайды және талдайды;
- білім алушылар, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады.
Еңбекақы мөлшері мен шарттары: ЛА - 174493 теңгеден 210595 теңгеге дейін (1 ставкаға), сондай-ақ кабинет меңгерушісі, топ жетекшілігі, дәптерлерді тексеру үшін және педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер санаттары үшін қосымша ақылар белгіленеді.
3) Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
басқарудың инновациялық әдістері;
педагогикалық этиканың негізгі нормалары;
экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.
4) Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 6 маусымнан бастап 14 маусымға дейін
5) Қажетті құжаттар тізбесі:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш (1-қосымша);
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) денсаулық жағдайы туралы анықтама (санитарлық кітапша);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы
(2-қосымша);
11) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
6) Педагогтің бос лауазымының мерзімі: педагогтің бос лауазымына.