Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

Біз соц.желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бізге арналған құттықтаулар!

                                                                                   

                                                                Құрметті  Елена Викторовна!

                       Сіздерді және колледждің оқытушылар ұжымын оқу орнының өміріндегі айтулы оқиғамен - құрылғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

  Мақсаткерліктің, зор еңбексүйгіштіктің арқасында педагогикалық ұжым ең батыл жоспарлар мен идеяларды жүзеге асыруда әрдайым табыстарға қол жеткізеді. Сіздің қайырымды басшылығыңызбен колледж білім беру ортасында және қоғамда үлкен танымалдылыққа ие. Колледждің талантты педагогикалық ұжымы әрқашан жоғары кәсібилігімен, сүйікті ісіне – тәрбие мен тұлғаның қалыптасуына шығармашылық және инновациялық көзқараспен ерекшеленеді.

30 жыл ішінде колледж өңір экономикасы үшін жоғары білікті мамандарды тәрбиелеу және даярлау ісіндегі дәстүрлерді сақтай және арттыра отырып, кадрларды даярлауды табысты жүзеге асыра отырып, үлкен және даңқты жолдан өтті. Көптеген түлектер үшін оқу орны өмірге нағыз жолсерік болды деп айтуға болады.

          Осы мереке күні Сіздерге және барлық ұжымға жинақталған тәжірибені көбейтуде үлкен табыстар, Қазақстан Республикасының игілігі үшін серпінді даму мен өркендеу, зор денсаулық, зор шығармашылық жетістіктер, амандық, бейбітшілік пен жақсылық тілеймін! Ынтымақтастық үшін және мерекелік іс-шараларға қатысуға шақырғаныңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау

университетінің ректоры,

ҚР ҰҒА академигі     С.З. Елюбаев

 

Жаңартылған күні: 18.05.2022 12:39
Құрылған күні: 18.05.2022 12:42

Текст