Биыл Қазақстанның мерекелік күнтізбесіне еліміздің барлық азаматтары үшін маңызды күн – Республика күні қайта оралды!
Бұл күн мемлекет аумағында тұратын 120-дан астам ұлт өкілдерін біріктіретін күн болды және ары қарай да солай болмақ.
Бүгін Тау-кен техникалық колледжінде Республика күні мерекесіне арналған салтанатты жиналыс өтті.
Студенттер мен оқытушылар үлкен еліміздің әдемі көріністері бейнеленген слайдтарды тамашалады, ұлттық тілдегі әндер мен дәстүрлі аспаптардағы музыкалық әуендерді тыңдады, Қазақстанның мемлекеттілігінің қалыптасуы туралы көріністі тамашалады.
Кездесудің ресми бөлімінде колледж директоры Елена Тарасова мереке қарсаңында ересек өмірдегі алғашқы мемлекеттік құжат алған студенттерді құттықтап, өз қолымен табыс етті.
Республика күніне орай Ақмола облысы білім басқармасының Грамотасымен Гулнур Шарипова және Алғыс хатымен Айсулу Қусенова марапатталды.
Колледж директорының Алғыс хатымен Меруерт Муканова,
Лаззат Даниярова, Ұлпан Қойкен, Наталья Аболенская, Бағдат Альпеисова, Наина Серикбаева, Санимжан Есиркепова марапалталды.
Құрметті Степногорлықтар, Тау-кен техникалық колледжі Сіздерді Республика күнімен құттықтайды!
Туған еліміздің рухани байлығын сақтап, көбейтейік!