❌БОЛМАЙДЫ
1. Барлығына өзіңнің жеке ақпаратыңды (аты-жөні, телефоны, мекен-жайы, мектеп нөмірі, сондай-ақ өз фотосуреттерін, отбасы мен достарын) хабарлауға БОЛМАЙДЫ;
2. Жіберушіні білмеген кезде салынған электрондық пошта файлдарын ашуға БОЛМАЙДЫ;
3. Дөрекілік көрсетуге, кінәлауға, қысым жасауға, агрессивті әрекет етуге БОЛМАЙДЫ;
4. Үлкендердің рұқсатынсыз отбасыңыздың ақшасын жұмсауға БОЛМАЙДЫ, әрқашан ата-анаңыздан сұраңыз;
5. Шынайы өмірде Интернеттегі таныстарыңмен кездесуге БОЛМАЙДЫ, өзіңіз сенетін ересек адаммен кеңесіңіз.
‼АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
1. Барлығы шындықты жаза бермейді. Интернетте өзіңіз туралы жалған ақпаратты оқысаңыз, бұл туралы ата-анаңызға немесе қамқоршыңызға хабарлаңыз;
2. Хат алмасуға, ойнауға, ақпарат немесе зат алмасуға шақыру келсе – тексер, мүмкін жаман ойы бар шығар;
3. Интернеттегі файлдарды заңсыз көшіру – ұрлық;
4. Әрқашан ересектерге желідегі проблемалар туралы айтыңыз – олар әрқашан көмектеседі;
5. Әлеуметтік желілердегі және басқа порталдардағы аккаунттарыңызды жоғалтпау үшін қауіпсіздік пен құпиялылық параметрлерін қолданыңыз.
✅БОЛАДЫ
1. Басқа пайдаланушыларды құрметтеңіз;
2. Интернет көзін пайдалансаңыз – оған сілтеме жасаңыз;
3. Тек сенімді сілтемелерді ашыңыз;
4. Ересектерден – ата-ана, қамқоршыңыз, сайт әкімшілігінен көмек сұраңыз, олар сізге әрқашан көмектеседі;
5. «Сетевичок» сайтында білім алып, цифрлық азамат төлқұжатын ал!