"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

Жатақхана кеңесінің қорытынды отырысы

29.05.2024

Бүгін Степногорск қаласының жоғары колледжінің жатақханасында Жатақхана кеңесінің қорытынды отырысы өтті. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды:
1. 2023-2024 оқу жылындағы ЖК жұмысының қорытындысын шығару;
2. Жатақхананың үздік бөлмесі мен секциясына конкурс қорытындысы бойынша студенттерді марапаттау;
3. ЖК белсенділерін марапаттау.
  1. ЖК президенті Аристанбекова Альбина атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Осы жылы 42 іс-шара өткізілді: жалпы жиналыстар, ЖК отырыстары, демалыс кештері, мемлекеттік мерекелер, көрмелер, зияткерлік ойындар, дөңгелек үстелдер, сұхбаттар, газет шығарылымдары, стендтерді безендіру, сенбіліктер, фильмдерді көру, спорттық іс-шаралар және т.б.
 Жатақхана ережелерінің, өрт қауіпсіздігі мен өткізу режимінің сақталуына бақылау жүргізілді. Іс-шараларды өткізу кезінде студенттердің белсенділігі мен шараларға қатысуы атап өтілді. 
2. Үздік бөлме мен жатақхана секциясына ай сайынғы байқау-конкурстардың қорытындысы:
403б. – 1.Рябко Лидия
            2. Есел Анастасия
507б. - 1. Качальский Ринаты
             2. Дула Дарин
  Үздік – 1 секция, 4 қабат. 
3. Биылғы жылы ЖК-нің барлық секторларының жұмысында жоғары белсенділік байқалды. Барлық алты сектордың мүшелері тапсырмаларды орындап, тәтті сыйлықтармен марапатталды. Баршаңызға керемет жұмыс үшін алғыс айтамын!!!
Жатақхана кеңесі 
Тәрбиеші Шило О. М.

Просмотров: 6581


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст