Текст
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде су тасқынына байланысты орын алған қиын жағдайларды өз бақылауында ұстайтынын және зардап шеккендерге мемлекет тарапынан көмек берілетінін, сондай-ақ залалды жою шараларының жедел жүзеге асуын қадағалайтынын сөзге тиек етті. Еліміздің он облысында төтенше жағдайдың жариялануы апаттың айтарлықтай көлемді екенін аңғартады. Кез-келген қиындықты еңсерудің ең ізгі жолдарының бірі - бірлікте деп санаймын. Қиыншылыққа тап болған отандастарымызға қол ұшын беріп, жан-жақты қолдау білдіру басты міндетіміз. Жұдырықтай жұмылып, бір мақсатта білек сыбансақ қана қиындықты тез еңсереміз деп сенемін.
Тау-кен техникалық колледжі басшысының м.а. Калайдарова Ляззат Нурбаевна