04.04.2024
«Салауатты өмір салты – адамның өмір салты»
Салауатты өмір салты (СӨС) – денсаулықты нығайтуға бағытталған адамның өмір салты. Бұл жаман әдеттерден бас тартуға бағытталған адамның мінез-құлқы.
Бүгін жатақханада СӨС насихаттауға және жаман әдеттерден бас тартуға бағытталған интеллектуалды викторина ойыны өтті. Ойын – еңбек пен іліммен қатар жүретін адам қызметінің негізгі түрі. Студенттер ақпаратты ойын түрінде жақсы есте сақтайды және көбірек назар аударады. Мұндай іс-шара білімді ретке келтіруге, ой-өрісті кеңейтуге, ұйымшылдықты дамытуға және қиялды қалыптастыруға көмектеседі.
Біздің викторина ойыны 6 раундтан тұрды:
1. Тарихи бөлім
2. Миға шабуыл
3. Фразаны жалғастыру
4. Өнімдерді үстелдерге бөлу
5. Түймедақ сыры
6. Өрмекші торы
Бағдаршамның жұмыс істеу принципі бойынша (қызыл, сары, жасыл) студенттер үстелдерге азық-түлік атаулары жазылған карточкаларды таратты. «Түймедақ сыры» жаттығу ойынында балалар аяқталмаған сөйлем жазылған гүлді үзіп алып, сөйлемді жалғастырады: менің ең үлкен проблемам – бұл....
«Өрмекші торы» ойыны – жаман әдеттердің торына шырмалған адам жайында. Салауатты өмір салты бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, балалар дұрыс жауап үшін адамнан бір жаман әдетін алып тастап отырды.
Ойын соңында қатысушылар «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу керек» деген қорытынды жасады. Ең білімді және белсенді ойыншылар тәтті сыйлықтарға ие болды.
Жатақхана кеңесі
Тәрбиеші Шило О.М.