14.11.2023 жылы Тау-кен техникалық колледжінде жас маман мектебінің отырысы өтті.
Жас педагогтар, олардың тәлімгерлері, сондай-ақ педагог-психолог Айнур Максатовна Умарова қатыстысқан іс-шара дөңгелек үстел форматында өтті.
Колледж әдіскері Гульнур Мейрамовна Шарипова отырыстарды өткізудің жаңа нысандарын ұсынды, жас маман мектебінде өз кәсіби білімдерін жетілдіруді, кәсібилігін дамытуды, тәжірибелі және құзыретті әріптестердің педагогикалық тәжірибесін зерделеуді және педагогикалық қоғамдастықта өмір сүруді үйренуімізге назар аударды, тәжірибелі және құзыретті педагогтардың жас мамандарға әдістемелік көмек пен қолдау көрсетудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.
Отырыстың рефлексивті блогында педагогтар қызықты, шығармашылық және нәтижелі қызметке шабыт алғанын атап өтті. Колледж әдіскері жас педагогтарға жұмысқа белсенді қатысуды, кәсіби байқауларға, түрлі деңгейдегі түрлі іс-шараларға қатысуды ұсынды және сәттілік, табандылық, күшті ерік-жігер, шыдамдылық тілеп, жұмыста байсалды болуға, тығыз ынтымақтастыққа және педагогикалық жолдағы қиындықтар мен кедергілерден қорықпауға шақырды.