КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

08.11.2023

«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» 
республикалық ақпараттық науқанының басталуы туралы 
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2023 жылғы 8-20 қараша аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»  ақпараттық акциясы  өткізеді. 
Акцияның мақсаты: балаларға қатыгездік пен немқұрайлылық мәселесіне қоғамның назарын аудару.
Акция аясында республика өңірлерінде баспасөз конференциялары, онлайн-семинарлар, ҮЕҰ өкілдерімен сараптамалық кездесулер, оқу орындарында сынып сағаттары, рейдтік іс-шаралар және т. б. өткізілетін болады.
Республикалық және жергілікті телеарналарда бейнесюжеттерді көрсету жоспарлануда, зорлық-зомбылық және қатыгездік мәселесі бойынша парақшалар, буклеттер, плакаттар таратылды. 
Науқанның мақсатты тобы: ата-аналар, балалар, жастар, мемлекеттік құрылымдардың, құқық қорғау органдарының өкілдері, ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ БАҚ.

Просмотров: 484


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст