КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

13-қыркүйекте Тау-кен техникалық колледжінде 1-курс студенттерінің ата-аналарына арналған жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті.

15.09.2023

13-қыркүйекте Тау-кен техникалық колледжінде 1-курс студенттерінің ата-аналарына арналған жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті.

Колледж басшысы Е.В.Тарасова ата-аналарды оқу-тәрбие процесінің барысымен таныстырды; негізінен студенттердің үлгеріміне, практикадан өтуіне, жұмысқа орналасу перспективаларына қызығушылық танытқан ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Тамақтану да, мінез-құлық та талқыланды. Колледждің Қамқоршылық кеңесі туралы маңызды мәселе қозғалды.

Колледждің педагог-психологы А.М.Умарова ата-аналарға бірінші курс студенттеріне көрсетілетін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу  туралы  түсіндірді.

Аға учаскелік инспектор, полиция майоры А.К.Жамбеков ата-аналар жұртшылығына құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандар үшін ата-ана жауапкершілігі туралы айтып берді.

Жасөспірімдерді тәрбиелеу, оқыту, бұл әрқашан отбасының, білім алушының және оқу ұйымының бірлескен үш жақты жұмысы. Біздің студенттеріміз үміттерімізді  ақтайды  деп сенеміз.

Просмотров: 1240


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст