Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

Біз соц.желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 қыркүйек күні - олар үшін отбасымен және достарымен емес, өзінің көп уақытын өткізуге тура келетін адамдармен танысу күні.

04.09.2023

Оқытушылар мен кешегі мектеп оқушылары, қазіргі студент үшін оқу жылының басталуы маңызды күн. 1 қыркүйек күні - олар үшін  отбасымен және достарымен емес,  өзінің көп уақытын өткізуге тура келетін адамдармен танысу күні. 
Білім күнінде біз "Маркшейдерлік іс", "Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары", "Бағдарламалық қамтамасыз ету", "Пайдалы қазбаларды байыту", "Электрмен жабдықтау"бағыттары бойынша тағы 5 топтың  студенттерін  бірлігі берік  ұжымға қабылдадық. Олар, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандық алуға дайын 120 дан астам ұлдар мен қыздар болатын.
Салтанатты жиынға қатысқан біздің әлеуметтік серіктестеріміз болашақ қызметкерлерін даярлауға тікелей мүдделі. Бұл "Степногорск тау-кен-химия комбинаты" ЖШС, "Степногорск энергокешені"ЖШС сияқты ірі Степногорск кәсіпорындары, Степногор ЖЭО ЖШС, "МСУ-81" ЖШС, "АК Алтыналмас" АҚ және тағы басқалар. 
Күздің бірінші күнінің үлкен мерекелік бағдарламасына колледж директоры Елена Тарасованың және құрметті қонақтардың ресми құттықтаулары ғана емес, сонымен қатар жоғары курс студенттерінің концерттік нөмірлері де кірді. "Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт"тақырыбында ҚР Конституциясы күніне арналған кураторлық сағатпен аяқталды.
Бірінші курс студенттері, Тау-кен техникалық колледжінің отбасына қош келдіңіздер!

/public/files/2023/9/4/040923_110540_img0334.MOV

Просмотров: 443


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст