«Сіз», «біз» деген жылы сөз
Жылытады жүректі.
Жақсылық билеп жанды тез,
Оятады игі тілекті.
Бүгін жатақханада 130-дан астам ұлт өкілдері тұратын елде бейбіт өмір сүру үшін өте қажет достық, түсіністік және келісім мерекесі өтті.
Мереке викториналық сұрақтардан басталды, олар арқылы студенттер Алғыс айту күнінің пайда болу тарихымен танысты. Содан кейін студенттер Қазақстанда осы күнді тойлау туралы айтты, өйткені Алғыс әлемдегі ең қуатты күштердің бірі, бұл жасалған жақсылыққа жауап ретінде оң энергияның қуатты ағыны. Бұл мерекеде олар аға буынға, туыстарына, достарына, тәлімгерлеріне және көмектесіп, қолдау көрсеткендердің барлығына алғыстарын білдірді. Бірақ ең бастысы, Алғыс айту күні - өткенге құрмет, депортация кезінде көрсеткен көмегі үшін барша қазақ халқына алғыс. Бұл мереке өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында толеранттылық, бір-біріне деген құрмет сезімін тәрбиелейді, сондай-ақ этносаралық қатынастарды нығайтуға ықпал етеді. Соңында біз молшылық пен рақымныі нышаны болған Шашу рәсімін өткіздік.
Біреуге біреу жақсылық,
Тілесе әр кез жаны ашып,
Осы бір шырын-тәттілік,
Тұрмай ма жанға жарасып?!
Баршаға керек жақсылық!
Жатақхана кеңесі
Тәрбиеші Шило О. М.