КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

WorldSkills "Веб-дизайн және әзірлеу"

23.02.2023

Колледжде 22.02.2023 жылы  ПО-2-1 және ВП-3-1 тобының студенттері арасында "Веб-дизайн және әзірлеу" құзыреттілігі бойынша WorldSkills кәсіби шеберлік байқауы өтті. Сарапшылар бірауыздан шешім қабылдап, келесі жүлделі орындарды бөлді: 1 орын – Бондарь Даниил, 2 орын – Спичак Денис, 3 орын – Альмансоори Мухсин, сондай-ақ студенттер Варенов Владислав пен Кудайбергенов Темирлан "Үздік тақырыптық сайт дизайны" және "Креативті сайт дизайны"номинациялары бойынша грамотамен марапатталды. Бас сарапшы " Kazticket.kz"ЖШС техникалық директоры  Рахат Жаншугуров студенттердің білімін бағалап, студенттерге осы бағытта жақсы ұсыныстар  мен бағыт берді.
Балаларды байқаудағы жеңістерімен құттықтаймыз! Осы нәтижемен тоқтап қалмай, әрі қарай жетістіктерге жетіп, көп ізденістерге ұмтылсын. Әрқашан көздерінен құлшыныс ұшқыны жанып, мүмкіндіктері ашылсын. Алға, жаңа жеңістерге жетіңіздер!

Просмотров: 392


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст