"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

Кәсіпорынға саяхат

15.12.2022
13.12.2022 ж. СТТК- і Степногор ЖЭО-мен бірлесіп кәсіпорынға саяхат ұйымдастырды. ТЭС- 2-1  тобының балалары ЖЭО жабдықтарының өлшемдері мен ауқымын өз көздерімен көрді. "Қазандық жабдығын қараушы машинистің" міндеттері және қазандық цехында орнатылған жабдықтың сипаттамалары туралы білім алды. Оларға су жылыту қазандығының жұмыс жабдықтары көрсетілді.Су жылыту қазандығы жабдықтарының бір бөлігі қайта құру сатысында, сондықтан балалар балға диірмендерінің, су жылыту қазандығының, түтін сорғыштардың, үрлеу желдеткіштерінің және қазандық цехының басқа жабдықтарының құрылымы мен жекелеген бөліктерін көрнекі түрде көре алды. ЖЭО-ға саяхатының  ұзақтығы жолға кететін уақытты есептемегенде 2 сағаттан астам уақытты құрады, дегенмен бір сағатқа жоспарланған еді, балалар өздерінің қызығушылықтарын көрсетті, сұрақтар қойды және барғандарына  өте риза болды.

Просмотров: 552


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст