Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

Біз соц.желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату керек пе немесе құқықтық мәдениетті арттыру керек пе?

09.12.2022

9 желтоқсанда, Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнінде Тау-кен техникалық колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату керек пе немесе құқықтық мәдениетті арттыру керек пе?» тақырыбында дебаттар өтті.
Пікірсайыс спикерлері Степногорск жоғары колледжі, Мақсат колледжі және Тау-кен техникалық колледжі студенттерінің өкілдері болды.
Спикерлер сыбайлас жемқорлықтың қоғамдық үлкен зұлымдық екенін дәлелдеп, атап көрсетті: оның мемлекет өмірінің әртүрлі салаларында болуы үлкен, кейде шешілмейтін проблемаларға алып келеді; қоғамның, атап айтқанда, жастардың адамгершілік дамуына үлкен зиян келтіреді. Сондықтан сыбайлас жемқорлық көріністерінің мүмкіндігінше аз болуы, ең дұрысы, олар мүлдем жоғалып кетуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыруға жұмсалған барлық шығындар тез арада өтеледі.
Дебатта тақырыптар өте қызу талқыланып, тартысты өтті, көптеген қызықты пікірлер айтылды.
Құрамында тәжірибелі заңгер, мәдениет және жастар ресурстық орталығының қызметкерлері бар судьялар алқасы барлық спикерлердің сөздерін жоғары бағалады, дегенмен Тау-кен техникалық колледжінің студенттері жеке және командалық есепте жеңіске жетті!
Студенттерімізді дебат ойындарында жеңіске жетіп, бірінші орын иеленуімен  құттықтаймыз!

Просмотров: 324


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст