"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

Не? Қайда? Қашан?

24.11.2022

Біздің студенттер  әрқашан да  барлық жағынан үздік  екендігін  «Не? Қайда? Қашан?»  танымдық ойынының   іріктеу кезеңінің нәтижесінде  тағы бір мәрте дәлелдеді!
 Тау-кен техникалық колледжінің  ПҚБ-2-1 тобының командасы тамаша эрудицияны, үйлесімді жұмысты, тапқырлықты және ойын тақырыбын терең білуді көрсете отырып, қалалық үш команда арасында бірінші орынды иеленді. Екінші және үшінші орындарды №9 және №5 орта мектептерінің жоғары сынып  оқушылары алды.
Мықты көшбасшылық қасиеттері мен жалпы жеңіске деген құштарлығын көрсеткен біздің команданың капитаны Әмір Ахметжановқа ерекше алғыс білдіреміз. 
«Жаңа Қазақстан» – бұл тек республиканың жаңа саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымы ғана емес, сонымен қатар жаңаша ойлайтын, жасампаз адамдар. Ал олардың жарқын өкілдері – біздің колледждің студенттері.

Просмотров: 571


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст