ПО-2-1 тобының студенттері «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» патриоттық іс-шарасына қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаудан басталды. Ары қарай білім алушылар ұлттық гимндердің пайда болуы, гимндердің анатомиясы туралы тарихи дәріс тыңдап, олардың музыкалық сипаттамаларына сәйкес қандай санаттарға бөлінетінін білді. Сондай-ақ, студенттер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы көптеген қызықты фактілерді білді. Мемлекеттік Тудың қазіргі заманғы түрі бекітілгенге дейін қанша нұсқасы болған, Қазақстанның ең үлкен туы қай жерде орналасқан, Мемлекеттік Әнұран қай жылы өзгерді және жарты ғасыр бұрын жазылған танымал әнге не үшін өзгерістер енгізілді, Мемлекеттік Елтаңбаның әрбір деталі нені білдіреді, Елтаңбаны жасауда байқауға қанша жоба қатысты, т.с.с. басқа да көптеген қызықты деректерді білді. Сонымен қатар, балалар патриоттық викторинаға қатысып, барлық сұрақтарға жауап берді. Соңында студенттер іс-шара туралы өз әсерлерімен бөлісіп, ізгі тілектерін білдірді, бір-біріне керемет көңіл-күй сыйлады.