КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Тарихтың алтын беттері: өткеннен қазіргі заманға

01.11.2022

Степногорск үшін алтын өндіру өнеркәсібі көп жағдайда   қаланы құраушы болды.
Біздің  өңірде  биыл  алтын өндірудің   басталуының жүз жылдық мерейтойын атап өтудеміз.
Степногорск кітапханасында "Тарихтың алтын беттері: өткеннен қазіргі заманға" атты фотокөрме ұйымдастырылып, өлкенің алтын өндіру өнеркәсібінің 90 жылдығына арналған "Қазақалтын: тарихтың алтын беттері" кітабының тұсаукесері өтті.
Тау-кен  техникалық колледжінің директоры Елена Тарасова кәсіпорын үшін білікті кадрларды жеткізетін білім беру ұйымының басшысы ретінде маңызды қонақ ретінде кездесуге шақырылып, кәсіпорынды мерейтойымен құттықтады.
Сонымен қатар, Ақсу, Бестөбе, Жолымбет кеніштерінен сала ардагерлері шақырылып, кітап жасағандар естеліктерімен, фотосуреттерімен бөлісті. Олардың әңгімелері кітапқа енді. Кездесу барысында олар өздерінің сол кезде жас  болғандарын,   қалай жұмыс істегендері туралы әңгімеледі. Кездесу соңында әрқайсысы кітаптың көшірмесін алды.

 

Просмотров: 476


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст