Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

Біз соц.желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өндірістік практикадан – жұмысқа орналасуға

27.10.2022

Өндірістік практика –  оқу процесінің ажырамас бөлігі. Практикадан өту кезінде студенттер алған теориялық білімдерін істе байқап, технологиялық процестерді тереңірек үйрене алады. Жұмыс беруші үшін бұл кәсіпорынға қажетті құзыреттерге ие маман дайындаудың тамаша мүмкіндігі.

         2022 жылғы 21 қазанда әлеуметтік серіктес «Степногорск тау-кен химия комбинаты» ЖШС кәсіпорнының  кадрлар бөлімінің қызметкерлері «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша білім алатын  Тау-кен техникалық колледжінің 2-3 курс студенттерімен кездесті.

         Кәсіпорын мамандары аталған мамандық бойынша кадрлар еңбек нарығында сұранысқа ие екендігін хабарлады, студенттерге еңбекақысы төленетін  практикадан өтуді ұсынды, мұндай практика кейіннен кәсіпорында жұмысқа орналасуға зор мүмкіндік беретінін айтты.  Сонымен қатар, комбинат туралы бейнефильм көрсетті,  буклеттер таратып, студенттердің қызықтырған барлық сұрақтарына жауап берді.

         Сондай-ақ, электромеханиктерге деген қажеттілікке байланысты,  «Тау кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша бітіруші курс студенттеріне өндірістік практика басталысымен  мамандығы  бойынша жұмысқа орналасу ұсынылды.

         Кәсіпорындардың Тау-кен техникалық колледжі түлектеріне деген қажеттілігі студенттеріміздің кәсіби дайындығының жоғары деңгейде екендігін көрсетеді.

Просмотров: 335


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст