КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Степногорск қалалық сотында "Ашық есік күні" өтті

22.10.2022

"Ашық есік күні" іс-шарасы аясында 2021 жылғы 21 қазанда Ақмола облысының Степногорск қалалық сотына Степногорск қаласының тау-кен техникалық колледжінің Заңтану кафедрасының студенттері шақырылды.
Сот төрағасы Б. Бекентаева студенттерге соттың жұмысы, соттар қызметінің негізгі бағыттары, сот жүйесінде қолданылатын ақпараттық сервистер, сот жүйесінің жетістіктері, мемлекеттік тілді білудің маңыздылығы туралы айтып берді.
Студенттер үшін сот ғимараты бойынша экскурсия өткізілді, онда студенттерге Қазақстан Республикасының кез келген нүктесінен сот отырысын өткізуге мүмкіндік беретін техникалық мүмкіндіктер таныстырылды.
Сондай-ақ, кездесуде сотта оқу практикасынан өту және колледж түлектерін одан әрі жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.

Просмотров: 433


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст