Текст
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдерді әзірледі:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған "Balatili.kz", "Tilmedia.kz", "Abai.institute", "Tilqural.kz" порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған "Emle.kz", "Тermincom.kz", "Sozdikqor.kz", "Qazcorpora.kz" порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген "Qujat.kz" порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық "Atau.kz" базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін "Qazlatyn.kz" (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған "Tilalemi.kz" сайты.