КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

"Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері" кәсіптік бағдар

01.06.2022

 #Кәсібибағдар

Құрметті талапкерлер, Тау-кен техникалық колледжі жыл сайын бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы мамандарды дайындайды. Біздің студенттер жыл сайын WorldSkills аймақтық чемпионатына қатысады, онда өз білімдерін сенімді көрсетіп, "Желілік және жүйелік әкімшілендіру", "Веб-дизайн", "Графикалық дизайн", "Бизнеске арналған IT – шешімдер"құзыреттіліктерінде жүлделі орындарға ие болады. Колледждің материалдық-техникалық базасы қазіргі заманғы жабдықтармен, оның ішінде осы мамандық бойынша жабдықталған.

Биыл колледж "Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері"мамандығы бойынша бюджеттік негізде қабылдау жүргізеді. Бүгінгі таңда еңбек нарығындағы ақпараттық қауіпсіздік мамандарына сұраныс өте жоғары. Бұл әрбір кәсіпорынның, компанияның компьютерлік қауіп-қатер проблемасына тап болуымен байланысты, сондықтан болашақ түлектерге осы бағытта жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі!

Егер сіз сұранысқа ие маман болғыңыз келсе, жоғары жалақы алып, үнемі дамығыңыз келсе-ТТК-ға түсіңіз!

Тау-кен колледжі- демек табысты!!

Просмотров: 450


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст