КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

"Үздік бизнес - клуб"

31.03.2022

25 наурызда "Ақмола дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы колледж студенттері арасында "Үздік бизнес-клуб" облыстық байқауын өткізді. Байқау 2 кезеңнен тұрды: "Визит карточкасы" – өз командасы мен клубының тұсаукесері және "Біздің жетістіктеріміз" - жетістіктердің тұсаукесері. Біздің команда "Smart Step" бизнес-инкубаторын таныстырды, онда студенттер мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының оқушыларымен бірлесіп жұмыс істейді.

Нәтижесінде Тау-кен техникалық колледжінің командасы 1 орынды жеңіп алып, "Үздік бизнес-клуб"атағына ие болды. Студенттер Алатаев Ансат, Итемгенов Тимур, Соколова Маргаританы және олардың жетекшісі Кубрина Светлана Викторовнаны жеңістерімен құттықтаймыз! Ұйымдастырушыларға студенттердің бастамаларын қолдағаны және жастарда кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыруға қатысқаны үшін алғыс айтамыз.

Просмотров: 491


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст