КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Ежелгі қытай мақалында...

24.03.2022

Ежелгі қытай мақалында: "Адамға бір балық беріңіз, ол күніне тамағын табуып жейді , балық аулауға үйретіңіз, ол өмір бойы тамағын тауып жейді", - делінген. Осындай ұранмен Тау-кен техникалық колледжінде болашақ үңгілеушілерде ашық сабақ өтті. Сабақтың негізгі тақырыптарының бірі тау-кен кәсіпорындарында қауіпсіздік техникасын сақтау болды.

"Тау-кен ісі" пәні бойынша сабақ ЖА-3-1 тобында екі ай теория мен бір ай тәжірибеге есептелген оқу курсы шеңберінде өтті. Оқытушылар теориялық білімді қарапайым жаттанды түрде  өткізбуге  тырысады, бірақ нақты өндіріс жағдайында одан әрі дамыту үшін жақсы негіз қалыптастырады. Мұндай тәсіл болмаса,  сапалы үңгілеушілерді  дайындау мүмкін емес.
 Ашық сабақ білім алушылар мен  оқытушының сұрақтарына белсенді жауап беру үшін диалог түрінде  құрылған. Сонымен қатар, оқытушы Зәуреш Ислямовна Бимаганбетова тапсырманы оқушы өзінің логикалық ойлауын жаттанды түрде жеткізбей,   тұжырымдап, өз ойымен жеткізетіндей  дайындаған.

Үңгілеушілер-тау-кен ісінің элитасы және олар қауіпсіздік ұғымымен синоним болуы керек. Кез-келген қателік өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Болашақ үңгілеушілерге өз жұмысында тиянақты болуды, тіпті кішкене қателіктерге жол бермеуді тілейміз. Есіңізде болсын, сіздер білімді, мәдени кеншілерсіздер. Бір нәрсе жасау үшін ең алдымен ойлану керек.

 

Просмотров: 485


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст