2022 жылдың 08 ақпанында Тау-кен техникалық колледжінде әдіскер Шарипова Гульнур Мейрамовна және педагог – психолог Умарова Айнур Мақсатовна жас мамандармен "Ұжымда қолайлы психологиялық жағдайды қалыптастыру" атты тренинг өткізді, жас педагогтарды біріктіру үшін шай әзірленіп, содан кейін-сауалнама ұйымдастырылды, бұл біздің жас мамандардың бейімделу кезеңінде тап болған қиындықтарын анықтауға көмектесті.
Ашық микрофон барысында еңбек жағдайларын, ұжымдағы қарым-қатынасты, басшылармен қарым-қатынасты, ұжымдағы атмосфераны қанағаттандыру бойынша сауалнамаларға талдау жүргізілді.
Күннен-күнге, жылдан-жылға жас оқытушылар өздерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіріп, өз қабілеттеріне сенімділікке ие болып, нағыз кәсіпқой болып, өз оқушыларының жүректерін жаулап алады, ал тәлімгер-педагогтар әріптестеріне жылдар бойы жинақталған білім мен ұстаздық шеберліктің құпияларын үйретеді.
Баршаңызға еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз және үздіксіз кәсіби жетістіктер тілейміз!