"Болашақ маманның әлеуметтік-кәсіби қалыптасуы үшін колледждің білім беру ортасының мүмкіндіктері"
Аналитикалық педкеңес
2022 жылдың 20 қаңтарында Тау-кен техникалық колледжінде 1-ші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша колледждің педагогикалық кеңесінің отырысы өтті.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды:
1. 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша оқу жұмысын ұйымдастыру (студенттердің үлгерімін талдау);
2. 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру;
3. 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;
4. Педагогтар мен ата-аналар үшін" Колледж бен отбасының өзара іс-қимылы арқылы оқытудың барлық сатыларында студенттердің тұлғалық дамуы".
Осы мәселелер бойынша педагогикалық кеңестің шешімінде қазіргі жетістіктер атап өтілді, жоғары білікті мамандарды даярлау кезінде білім беру қызметін одан әрі жетілдіру жолдары белгіленді.