"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін

15.12.2021

Кәсіподақ қозғалысындағы, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі ынтымақтастық үшін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі - Тәуелсіздік күніне байланысты Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының "Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін" белгісімен Тау-кен техникалық колледжінің басшысы Елена Викторовна Тарасова марапатталды.

Колледж ұжымы Елена Викторовнаны құттықтап, адамгершілік, әділдік және даналық сізге сеніп тапсырылған ұжымда істейтін қызметкерлерді ұйымдастырып,  біріктіре білуде, үйлесімді қарым-қатынастарды дамыту үшін берік іргетас болып табылатынын атап өтті.

Сізге алдағы уақытта алға қойған жоспарларыңызды іске асыруда табыс, талмас қуат,  ұзақ ғұмыр және мықты денсаулық тілейміз.   

ТТК ұжымы

Просмотров: 581


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст