Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

Біз соц.желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуы кадрларды даярлаудағы табыстылық факторы ретінде» республикалық семинар-практикумға қатысу туралы Ақпарат

10.12.2021

2021 жылдың 3 желтоқсанында Тау-кен техникалық колледжінің оқытушылары "Талдықорған жоғары политехникалық колледжі" КМҚК базасында "Талап" КЕАҚ ұйымдастырған "Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуы кадрларды даярлаудағы табыстылық факторы ретінде"тақырыбында өткен республикалық семинар –практикумына қатысты.

Семинар жұмысына облыстардың, Шымкент, Алматы, Нұр-сұлтан қалаларының білім басқармаларының өкілдері, басшылар, басшылардың орынбасарлары, арнайы пәндер оқытушылары, ТжКБ ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері, сондай-ақ әлеуметтік әріптестер қатысты. Жоба жетекшісі, AutusGlobalLimited (Ирландия) компаниясының директоры Ольга Кеннелли кәсіптік білім берудегі оқыту нәтижелерін бағалаудың үздік халықаралық практикаларына шолу жасады.

Ресей мемлекеттік кәсіптік-педагогикалық университетінің Халықаралық жобалар жетекшісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Виталий Анатольевич Копнов ТжКБ жүйесі педагогтерінің кәсіби дамуындағы жаңа тұрғыларды қалыптастыру механизмін таныстырды. Семинардың практикалық бөлімінде 6 құзыреттілік бойынша шеберлік-сыныбы өткізілді: IT-технологиялар, құрылыс, жиһаз өндірісі, тамақтандыруды ұйымдастыру, наубайхана ісі, кондитерлік іс.Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді.      

Осындай мазмұнды және өкілетті іс-шараға қатысу және өткен семинарда зияткерлік және өте жемісті жағдай жасау мүмкіндігі үшін ұйымдастырушыларға шын жүректен алғыс білдіреміз. Бұл іс-шараны ұйымдастыру өте жоғары деңгейде өтті.   

Біз семинар педагогтің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыру көрсеткіші ретінде оқу үдерісінде заманауи білім беру және өндірістік технологияларды пайдалана отырып, білім беру үдерісін ұйымдастыру саласында диалогқа, тәжірибе алмасуға жаңа қуатты серпін беретініне сенімдіміз.

Семинардың нақты ұйымдастырылған бейне трансляциясы, өте қызықты спикерлер және жұмыс пен рефлексия үшін, берілген бай материалдар үшін үлкен рахмет.

Тау-кен техникалық колледжінің әдіскері                                   Г.М. Шарипова

Просмотров: 320


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст