Текст
Тау-кен техникалық колледжінің оқытушылар командасы Ақкөл қаласында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған аймақтық жарыстарға қатысты.
Біздің колледждің атынан мына оқытушылар қатысты: Скороход Ольга Ивановна және Сипульдин Олжас Амангельдинович-үстел теннисі, Аксенов Владимир Константинович және Бактыбаева Айсулу Талгатовна-шахмат, Зандер Виктория Яковлевна мен Нуржан Магжан Абжанулы-тоғызқұмалақ.
Іс-шара барысында оқытушылар жоғары спорттық шеберліктерін көрсетті. Ойын қорытындысы бойынша үстел теннисінен команда 1 орынға, шахмат командасы 3 орын, тоғызқұмалақ 4 орынға ие болды.
Әріптестерімізге мықты денсаулық тілеп, құттықтаймыз!