"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

Студенттер сотта

23.06.2021

Тау-кен техникалық колледжінің, "Құқық қорғау қызметі" мамандығының 2 курс студенттері Степногорск қаласының қалалық  сотына экскурсияға барды. Экскурсия барысында студенттер "Жазаның қалған мерзімін бас бостандығын шектеуге ауыстыру туралы өтініш" атты сот отырысының тыңдаушылары болды.

Сот отырысы аяқталғаннан кейін судья Бекентаева Бибігүл Қайыргелдіқызы қылмыстық іс жүргізудің ерекшеліктері туралы айтып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Сот кеңсесінің меңгерушісі Флерко Ольга Леонидовна бос жұмыс орындары туралы айтты. Студенттерді одан әрі жұмысқа орналаса отырып, сотта өндірістік тәжірибеден өтуге шақырды.

Просмотров: 1756


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст