22.10.2025
Бүгін «Горняк» ОМС-да белсенді және мақсаты айқын жастарды біріктірген «Жастар рухы» атты жас көшбасшылардың жарқын фестивалі өтті!
Тау-кен техникалық колледжінің студенттері фестивальге белсенді қатысып, сертификаттармен марапатталды📚
Фестивальде шығып сөйлеген керемет спикерлер сөздерімен шабыт беріп, жастарды жігерлендірді:
✅Миронюк Татьяна – ҚР Президенті жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңестің мүшесі
✅Загатдулин Равиль – командалық жұмыс және шешендік өнер бойынша жаттықтырушы
✅Гомонова Александра – Ақмола облысы бойынша «Кешелек» жастар кеңесінің өкілі
✅Шаврова Наталья – практик психолог, кәсіби медиатор
✅Жағупар Даниал – Ақмола облысындағы Esbol Qory қорының өкілі.
Әрқайсысы да «өзін-өзі басқара алатын, тыңдай білетін, шешім қабылдай алатын және әрекет ете алатын адам — нағыз көшбасшы» бола алатынын көрсете алды🌍
👏 Барлық қатысушыларға, ұйымдастырушылар мен тәлімгерлерге бастамаларыңыз үшін, дамуға деген ұмтылысты ары қарай ұшқындатып, бізге күш-қуат бергеніңіз үшін алғыс айтамыз!
Болашақ – жауапкершілікті қабылдаудан, әлемді жақсы жаққа өзгертуден қорықпайтындар еншісінде! 💫