ТТК "Тау-кен техникалық колледжі, Степногорск қаласы
ТТК "Тау-кен техникалық колледжі, Степногорск қаласы

Бүгін біздің колледжде екі маңызды шара

03.09.2025

Бүгін біздің колледжде екі маңызды шара –  Білім күні және Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті! 
Біз тау-кен және технология әлеміне қызықты саяхатын енді ғана бастаған  бірінші курс студенттерін қуана қарсы алдық!  Колледжде оқу оларға  қызықты әрі танымды болсын! 
Шарада жаңа оқу жылында балалар үшін сенімді тәлімгер болатын топ жетекшілерінің есімдері жарияланды.
Колледж басшысының м.а.  Калайдарова Л.Н.  колледждің игілігі үшін белсенді жұмыс істейтін және өз жұмысында елеулі нәтижелерге қол жеткізген педагогтерге Оқу-ағарту министрінің, Білім басқармасы басшысының және колледж басшысының Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарын салтанатты түрде табыс етті.
Еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз, жарты ғасырдан астам  педагогикалық өтілі бар Б.Ш.Мажиеваның сөз сөйлеуі  мерекеге ерекше мән берді.  Ұстаздың  тілектері мен даналық сөздері барлық қатысушылар үшін баға жетпес қолдау болды!

Просмотров: 238


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст