"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

"Біздін өлкенің қаһармандары" форумы

21.04.2025

2025 жылғы 14 ақпанда «Горняк» мәдениет үйінде өткен «Біздің өлкенің қаһармандары» атты үш ұрпақ форумы аясында 1 курс оқушылары дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараның тақырыбы маңызды тарихи оқиғаларға арналды: Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігіне ерекше назар аударылды. Дөңгелек үстел аясында ПО-1-1 тобының оқушылары Сорометко Алина мен Пуртова Дарья көрермендер алдында ҰОС кезіндегі Қазақстан батырларына арналған бейнепрезентациямен сөз сөйледі. Сондай-ақ, қыздар алаңдарында керемет ерлік пен батылдық танытқандар туралы өлеңдер оқыды.Іс-шара тарихи жадтың маңыздылығын және соғыстарда көрсетілген ерліктердің құндылығын терең түсінуге ықпал етті.

Просмотров: 5286


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст