КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Тау-кен техникалық колледжі аккредиттеуден сәтті өтті!

18.03.2021

Степногорск қаласының тау-кен техникалық колледжі 2021 жылғы 22-26 ақпан аралығында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде сыртқы аудиттен өтті. АТҚО білім беру сапасын сараптау жөніндегі Тәуелсіз агенттігінің сыртқы сараптау комиссиясы оқу орнының жұмысын ТжКБ ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу стандарттарының өлшемдеріне сәйкестігіне тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша АТҚО Аккредиттеу Кеңесі толық аккредиттеу мәртебесін беру туралы оң шешім қабылдады және агенттік 5 жыл мерзімге 11 білім беру бағдарламасы бойынша институционалдық аккредиттеуден және мамандандырылған аккредиттеуден өтуді растау туралы сертификаттар берді.

Аккредиттеуден өту барысында колледж өзінің қызметі қойылған миссия мен мақсатқа сәйкес табысты жүзеге асырылатынын дәлелдеді.

Колледж үшін аккредиттеу білім беру саласында жаңа сатыға көтерілуді білдіреді және педагогикалық ұжым үшін жоғары білікті, сапалы мамандарды жаңа деңгейде даярлауда қуатты ынталандыру болып табылады.

Аккредиттеуден өту туралы куәлік көрсетілетін білім беру қызметтерінің жоғары тұрақтылығы мен сапасының орнықтылығының кепілі болып табылады.

Просмотров: 1591


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст