Колледжде Индустриялық кеңестің техникалық және энергетикалық комитеттерінің отырысы әлеуметтік серіктестер «СТПЗ» АҚ @komitet.stpz, «Степногорск ЖЭО» ЖШС @tec_ step және «СТКХК» @too.sghk өкілдерінің қатысуымен өтті.
Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:
1. Энергетика комитеті мен техникалық комитеттің бағыттары бойынша бітіруші топтардың білім алушылары үшін дипломдық жобалардың тақырыптарын таңдау және келісу;
2. Диплом алдындағы өндірістік практикадан өту орындарын бекіту;
3. Өзге де мәселелер.
Кеңес отырысы басшының ОӨІ жөніндегі орынбасары А.Ф.Лиэпа мен бөлімше меңгерушісі Д.Б.Жексенованың басшылығымен өтті.
Отырыс нәтижелері бойынша әлеуметтік серіктестер өкілдері практикадан өту орындарына сәйкес келетін дипломдық жобалардың тақырыптарын тұжырымдау бойынша өз идеяларын белсенді түрде ұсынды.
Біздің әлеуметтік серіктестеріміз, кәсіпорын басшылары А.В.Братчев, В.М.Донцов, Ж.Н.Бекбаев мырзаларға колледж атынан кадрлар даярлаудағы тығыз ынтымақтастық үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.