Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

Біз соц.желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балалық шақты қорғау – Қазақстанның ұлттық идеясы»

13.11.2024

«Балалық шақты қорғау – Қазақстанның ұлттық идеясы». «Балалар – біздің қоғамымыздың әлсіз және қорғалмаған бөлігі және олар
құқықсыз болмауы керек».
Қ.-Ж.Тоқаев

Бүкіл әлемде БҰҰ бастамасымен Дүниежүзілік балалар күні 20 қарашада атап өтіледі. Біздің еліміз балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және тұтастай алғанда құқықтық жүйені жақсарту мәселелерінде айтарлықтай алға жылжуда. Балалар - мемлекетіміздің болашағының кепілі, балаларымыз және балалық шақты қорғау – ұлттық басымдық қана емес, сонымен қатар Қазақстанның ұлттық идеясы. Балалық шақ әлемінде қатыгездік пен зорлық-зомбылық болмауы керек. Балаларға қатысты әділетсіздікке қарсы тұру – олардың құқықтары мен міндеттерін білу болып табылады.
Степногорск қаласының студенттік жатақханасында «Баланың отбасындағы құқықтары мен міндеттері» тақырыбында презентация өтті. Студенттер өз ойларымен бөлісе келіп, балалық шақты қорғау, позитивті тәрбие мәселелеріне баса назар аударды, «құқықтар» мен «міндеттер» ұғымдарының айырмашылықтары мен ұқсастығын көрсетті. Тәрбие тәсілдері қатыгез, дөрекі, адамның қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынасты, балаларды қорлауды және қанауды болдырмауы қажет. Баланың ата-аналары және оларды алмастыратын адамдар тарапынан баланы теріс пайдаланудан қорғау құқығын сақтау – бүгінгі қоғамның басты міндеті болып табылады. Алынған ақпаратты бекіту үшін студенттер Конвенцияның баптарын пайдалана отырып, ертегі кейіпкерлері ретінде жауап берді.
Аю: «Маша, сен менімен бірге жасайсың, от жағып, тамақ пісіресің».
Маша: «...Менің еңбегімді пайдалануға құқығың жоқ»,
Қорытындылай келе, студенттер келесідей шешімдер жасады: балаға, оның оның құқықтарына мүмкіндігінше құрмет көрсету, оған қамқорлық жасау, мейір-махаббатпен өсіру. Дегенмен, бір нәрсені есте сақтау қажет: сіз басқа адамдардың құқықтарын бұзбаған кезде, өз құқықтарыңыз әрекет етеді.

Жатақхана кеңесі
Тәрбиеші Шило О.М.
 

Просмотров: 1552


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст