Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

Біз соц.желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бейімбет Майлин – халықтан туған талант.

06.11.2024

Бейімбет Майлин – халықтан туған талант.
«Шайқас басталады – мені сонда ізде!" - деп Бейімбет Майлин өлеңдерінің бірінде өмірлік мақсатын осылай айқындаған. Қазақ кеңес жазушысы, ақын, драматург, қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі ширек ғасырда жүздеген поэтикалық, жүзден астам прозалық және ондаған драмалық шығармалар жазды. Жазушының тірі кезінде оның қырықтан астам кітабы жарық көрді. Ол өзінің шығармалары арқылы уақыттың тынысын жеткізе білген керемет сөз суретшісі болды. Біз оны туған өлкесінің жыршысы, қазақ халқының ұлттық мақтанышы деп атауға әбден құқығымыз бар.
Б.Майлиннің әдеби өткір ойларға толы ғұмыры, шығармашылық шыңындағы сапары 1938 жылы үзілді. Ол контрреволюциялық және ұлтшылдық әрекеттері үшін айыппен қамауға алынып, ату жазасына кесілді. Тек 1957 жылы ғана ақталды. Жазушының аты, оның еңбектері адамдарға қайта оралды. Бүгін, жазушының туғанына 130 жыл толуына орай «Степногорск қаласының Жоғары колледжі» жатақханасының студенттері жазушының өмірбаянымен жақынырақ танысып, Бейімбет Майлиннің әдеби мұрасы туралы фильм көрді. Содан кейін балалар ауыл өмірінің тұрмыс-тіршілігі, адалдыққа, әділдіккте деген ұмтылыстары шынайы суреттелген «Раушан – коммунист» повесінің қысқаша мазмұнын тыңдады. Автор шығармада қазақ әйелдерінің тең құқықты болу мәселесін көтереді. Әдеби сағаттың соңында студенттер қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер оқыды.
Бұл іс-шара қазақ халқының мұрасын дәріптеуге және өскелең ұрпақтың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.
Жатақхана кеңесі
Тәрбиеші Шило О. М.

Просмотров: 945


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст