"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

18 қазанда бірінші курс студенттері – болашақ электромеханиктер үшін «СПТЗ» АҚ кәсіпорнында таныстыру экскурсиясы өтті.

18.10.2024

Экскурсия барысында студенттер цехтар мен зауыт бөлімшелерінде болды. Әр цехтағы станок жұмысшылары, сондай-ақ электромеханикалық цехтың мамандары студенттерге жұмыс барысын көрсетіп, жабдықтар туралы  түсінік берді.
Студенттер өндірістік ортаның  қайнаған қызу өміріне бір сәт еніп, электромонтерлердің, станок операторларының, құрастырушылардың, слесарлар мен бақылаушылардың, таңбалаушылардың жұмысын үлкен қызығушылықпен бақылады. Экскурсия студенттерге білім беру бағдарламасы аясында болашақ кәсіби қызметінің және игеретін еңбек функцияларының маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.

Просмотров: 2059


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст