Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

Біз соц.желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Басқаларға жылулық сыйлау – өзіңді жылыту»

10.10.2024

«Басқаларға жылулық сыйлау – өзіңді жылыту» К. Паустовский
Бүгін жатақханада К.Паустовскийдің «Жылы нан» әңгімесі бойынша ой толғау сағаты өтті. Студенттер осы оқиғаның қысқаша мазмұнын тыңдады, онда мейірімділік, жанашырлық, өзара көмек, жануарларға деген сүйіспеншілік тақырыбы толық ашылады. Бұл әңгіме жүрегі тас, ашуға булығып, аш жылқыны ұрған бала туралы. Оқиғаның мағынасы адам өзінің іс-әрекеттері туралы ойланып, оның салдарын болжай білуі қажет деген ой тудыру. Шығарманың негізгі ойы – адамдар мен жан-жануарларға мейірімді болу. Шығарма жақсылық пен көмекке, табиғатқа деген сүйіспеншілікке үйретеді. Тек лайықты мінез-құлық арқылы адам құрметке ие болатынын шығарма кейіпкері жақсы түсінді.
Ұсынылған мақал-мәтелдердің ішінен балалар әңгіменің мазмұнына сәйкес келетін «Жақсылық жасасаң – өзіңе, жамандық жасасаң – өзіңе» мақалын таңдады. Ары қарай студенттер нан туралы «Нан – өмір өзегі» мақал-мәтелінің мағынасын түсіндірді. Ал соңғы тапсырма ойлануға арналған «Әңгіме неге «Жылы нан» деп аталады?", «Неге жылқы Фильканы кешірді?» сияқты сұрақтар болды.
Әңгімені қорыта келе балалар басты кейіпкердің өзгерін, айналысына бей-жай қарамайтынын айтты. Оқиғаның негізгі ойы – жақсылық әрқашан жеңіске жететінін еске салу!!!
Жатақхана кеңесі
Тәрбиеші Шило О. М.

Просмотров: 1962


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст